Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 702 от 19.08.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Елена Михайловна Корчугановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 17 сәуірде берілген № 14005263 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 01 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Е.М. Корчуганованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.М. Корчуганованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 09 тамызындағы № 01-1/32045-вн хаты, Шығыс Қазақстан облысы Нотариаттық палатасының ұсынысы, жекеше нотариус Е.М. Корчуганованың арызы.

 

Вице-министр                                                                                 Л. Мерсәлімова

Дата публикации
22 августа 2024