Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 703 от 19.08.2024

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылғы 22 қаңтарында Марат Булатович Орумбаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 19001128 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус М.Б. Орумбаевтың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 08 тамызындағы № 1-1/31831-вн ұсынысы, нотариус М.Б. Орумбаевтың 2024 жылғы 30 шілдедегі өтініші.

 

Вице-министр                                                                   Л. Мерсалимова

Дата публикации
22 августа 2024