№ 696 от 16.08.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульжан Тагайдуллаевна Дуйсембиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2015 жылғы 17 маусымда берілген № 15011425 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылдың 14 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Т. Дуйсембиеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.Т. Дуйсембиеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 07 тамызындағы № 1-1/31639-вн ұсынысы, жекеше нотариус Г.Т. Дуйсембиеваның арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова