№ 698 от 16.08.2024
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы
45-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың 12 наурызында Сара Амантаевна Устажановаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0003574 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2044 жылғы 1 тамызына дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат С.А. Устажанованың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: С.А. Устажанованың 2024 жылғы 30 шілдедегі өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова