№ 695 от 16.08.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 4) және 5)-тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Инесса Юрьевна Мурзаковаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2024 жылғы 12 наурызда берілген № 24013185 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус И.Ю. Мурзакованың назарына жеткізсін;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус И.Ю. Мурзакованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3 .Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 29.07.2024 жылғы
№ -1/30190-вн ұсынысы және Солтүстік Қазақстан облысы нотариаттық палатасының 19.07.2024 жылғы № 01-07-2288и хаты.
Вице-министр Л. Мерсәлімова