№ 689 от 15.08.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылғы 13 тамызда Сабина Полатовна Бейсебековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №12008617 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус С.П. Бейсебекованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 1-1/29973-вн ұсынысы, нотариус С.П. Бейсебекованың 2024 жылғы 15 шілдедегі өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова