№ 690 от 15.08.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Динара Жандырбаевна Адиловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылы 14 тамызда берілген № 13335021, мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 25 шілдеге дейін мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Ж. Адилованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Ж. Адилованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 24 шілдедегі 2024 жылғы № -1/29761-вн ұсынысы, жекеше нотариус Д.Ж. Адилованың арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова