Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 692 от 15.08.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2000 жылғы 15 қарашада Мурат Токижанович Агдарбековқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0000862 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус М.Т. Агдарбековтың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.  

Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № -0401/1633-вн ұсынысы, нотариус М.Т. Агдарбековтың 2024 жылғы 23 шілдедегі өтініші.

 

Вице-министр                                                                   Л. Мерсәлімова

Дата публикации
16 августа 2024