№ 687 от 13.08.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Нурбуви Миталиповна Зульяроваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылы 10 мамырда берілген № 12003159, мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Н.М. Зульярованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.М. Зульярованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 6 тамыздағы 2024 жылғы № 1-1/31395-вн ұсынысы, жекеше нотариус Н.М.Зульярованың хабарламасы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова