Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 683 от 10.08.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Роза Тастенбековна Апишеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 27 маусымда берілген №12005229 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 25 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.Т. Апишеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.Т. Апишеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 05 тамызындағы  № 01-1/31330-вн  ұсынысы, жекеше нотариус Р.Т. Апишеваның арызы.

 

Вице-министр                                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
13 августа 2024