Лицензиясынан айыру туралы

№ 678 от 08.08.2024

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Айсулу Бекқожақызы Ержановаға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1619 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.

2. Түркістан облысы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1) осы бұйрықпен жеке сот орындаушысы таныстырылсын;

2) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;

3) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;

4) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;

5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.

3. Түркістан облысы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.

4. Мәжбүрлеп орындату департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы жазбаны енгізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату департаментіне жүктелсін (А. Тленчиевке).

6. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: 2024 жылғы 3 сәуірдегі Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімі.

 

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                                                     Б. Жақселекова

Дата публикации
09 августа 2024