№ 675 от 07.08.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ануар Алпсбекович Киякбаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 01 сәуірде берілген № 22006095 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Абай облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А.Киякбаевтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус А.А.Киякбаевтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А.Киякбаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С.Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Абай облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 23 шілдедегі
№-1/29744-вн ұсынысы, Абай облысы Семей қалалық сотының 2024 жылғы 16 мамырдағы шешімі, Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 17 шілдедегі қаулысы.
Вице-министр Л.Мерсәлімова