№ 666 от 02.08.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2013 жылдың 12 қазанында Аида Абуталимовна Саудабаеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 13016163 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы
31 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Жамбыл облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат А.А. Саудабаеваның,
Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 10.07.2024 жылғы № 01-1/28256-вн ұсынысы, адвокат А.А. Саудабаеваның арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова