№ 667 от 02.08.2024
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы
45-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың 10 қазанында Айгуль Болатовна Темиртасоваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №19020483 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 2 қыркүйегіне дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Атырау облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат А.Б. Темиртасованың, Атырау облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: А.Б. Темиртасованың 2024 жылғы 24 шілдедегі өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова