№ 669 от 02.08.2024
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Диляра Бекетовна Исаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2002 жылдың 16 мамырында берілген № 0001044 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылдың 29 мамырдағы № 461 бұйрығының күші жойылсын.
2. Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықтың мазмұнын нотариус Д.Б. Исаеваның назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасына:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына осы бұйрықты жариялау шараларын қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне бұйрықтың жойылғандығы туралы жазба енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Негізі: 2024 жылдың 29 шілдесіндегі № 7594-24-00-4/2491 Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі.
Вице-министр Л. Мерсәлімова