Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 670 от 05.08.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Зарина Асымджановна Рузиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2004 жылы 30 маусымда берілген № 0001891, мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 5 шілдесіне дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус З.А. Рузиеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус З.А. Рузиеваның  іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласының Әділет департаментінің 31 шілдедегі 2024 жылғы № 01-1/30710-вн ұсынысы, жекеше нотариус З. А. Рузиеваның хабарламасы.

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсәлімова

Дата публикации
06 августа 2024