№ 671 от 05.08.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың 19 ақпанда Жанар Жексенбиновна Садыковаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 18003545 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатылсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті Ж.Ж. Садыковаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Ж.Ж. Садыкова, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 22 шілдедегі 2024 жылғы № 1-308 өтінішхаты, адвокат Ж.Ж. Садыкованың арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова