№ 668 от 02.08.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылдың
1 тамызында Алимжан Перналиевич Абдумановқа адвокаттық қызметпен айналысу берілген № 17013702 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Қызылорда облысының Әділет департаменті А.П. Абдумановтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің 05.07.2024 жылғы № 1-1/27591-вн ұсынысы, Қызылорда қаласының №2 сотының 04.05.2024 жылғы үкімі.
Вице-министр Л. Мерсәлімова