№ 664 от 02.08.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанбусын Женисович Ергельдиновқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 13 қазандағы берілген № 22019076 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Ақмола облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.Ж. Ергельдиновтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Ж.Ж. Ергельдиновтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.Ж. Ергельдиновтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 22 шілдедегі
№ -1/29399-вн ұсынысы, Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының 2024 жылғы 23 сәуірдегі шешімі, Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сотының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысы.
Вице-министр Л.Мерсәлімова