«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы

№ 617 от 22.07.2024

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 552 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі;

2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі;

3) осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы, Мәжбүрлеп орындату, Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеттері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрлеріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі                                                                      А.Н. Есқараев

Бұйрық
Дата публикации
02 августа 2024