Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 653 от 01.08.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Бахитбек Саякович Дильдабаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылғы
19 қаңтарда берілген № 23001810 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Жамбыл облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Б.С. Дильдабаевтың назарына жеткізсін;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.С. Дильдабаевтың
іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Жамбыл облысының Тараз қалалық сотының 2024 жылғы 20 мамырдағы № 3110-24-00-2/530 шешімі.

 

Вице-министр                                                                            Л. Мерсәлімова

Дата публикации
02 августа 2024