№ 650 от 31.07.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Зарина Сарсенбековна Есмагуловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылы 31 қаңтарда берілген № 14001003, мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 29 шілдесіне дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус З.С. Есмагулованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус З.С. Есмагулованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 23 шілдедегі 2024 жылғы № -1/29738-вн ұсынысы, жекеше нотариус З.С. Есмагулованың арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова