№ 651 от 31.07.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылғы 1 қарашадағы Олег Владимирович Бранцевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген №0003997 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Қостанай облысының Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы адвокат О.В. Бранцевтің, Қостанай облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № -1/28620-вн ұсынысы, Қостанай облысы №2 Қостанай қалалық сотының 2024 жылғы 3 мамырдағы №3911-24-00-1/118 үкімі, Қостанай облысының мамандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының 2024 жылғы 18 маусымдағы №3999-24-00-1а/125 қаулысы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова