Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 636 от 29.07.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылғы 19 тамызда Асемгуль Кеньжибаевна Мустафинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №19017257 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.К. Мустафинаның назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 1-1/29473-вн ұсынысы, нотариус А.К. Мустафинаның 2024 жылғы 17 шілдедегі өтініші.

 

Вице-министр                                                                 Л. Мерсәлімова

Дата публикации
30 июля 2024