Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 637 от 29.07.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылғы 10 қазанда Исабай Есиркепович Есенжоловқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №19020576 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Маңғыстау облысының Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы адвокат И.Е. Есенжоловтың, Маңғыстау облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 17.07.2024 жылғы № 01-1/29089-вн ұсынысы, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 06.06.2024 жылғы №4711-24-00-2/1066 шешімі.

 

Вице-министр                                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
30 июля 2024