Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 638 от 29.07.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Аякоз Хозыбаховна Хамеденоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2016 жылғы 08 маусымында берілген №0000488 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Х. Хамеденованың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус А.Х. Хамеденованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Х. Хамеденованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 23 шілдедегі №01-1/29612-вн ұсынысы, Батыс Қазақстан облыстық сотының 2024 жылғы 16 шілдедегі қаулысы.

 

Вице-министр                                                                              Л.Мерсәлімова

Дата публикации
29 июля 2024