Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 633 от 26.07.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айнур Абдуллақызы Махулбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 18 қарашада берілген №14017351 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А.Махулбаеваның назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус А.А. Махулбаеваның мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Махулбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 10 шілдедегі №01-1/28166-вн ұсынысы, Батыс Қазақстан облысы №2 Орал қалалық сотының 2024 жылғы 22 мамырдағы шешімі.

 

Вице-министр                                                                           Л.Мерсәлімова

Дата публикации
29 июля 2024