Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 634 от 26.07.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Лэйла Жаныбековна Маненоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылғы 25 қаңтарда берілген №23002371 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Ақмола облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.Ж.Маненованың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус Л.Ж.Маненованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Л.Ж.Маненованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С.Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 19 шілдедегі  №-1/29401-вн ұсынысы, Ақмола облысы Қосшы қалалық сотының 2024 жылғы 29 сәуірдегі шешімі, Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 03 шілдедегі қаулысы.

 

Вице-министр                                                                           Л.Мерсәлімова

Дата публикации
29 июля 2024