Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 631 от 25.07.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2023 жылдың 25 мамырда Салтанат Махатовна Садыкованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 23011870 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылғы 10 шілдеге дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті С.М. Садыковаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат С.М. Садыкова, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 18 шілдедегі 2024 жылғы № 440/24 өтінішхаты, адвокат С.М. Садыкованың арызы.

 

Вице-министр                                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
29 июля 2024