Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 629 от 25.07.2024

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылғы 17 сәуірде Олжас Маралұлы Еслямбекке адвокаттық қызметпен          айналысуға берілген № 14005227 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты адвокат
О.М. Еслямбектің назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған адвокаттың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: 2024 жылғы 18 шілдедегі Ақмола облысы Әділет департаментінің № -1/29171-вн ұсынысы, адвокат О.М. Еслямбектің өтініші.

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсәлімова

Дата публикации
25 июля 2024