№ 619 от 22.07.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Маржан Абилгапаровна Максутованың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2010 жылғы 4 қазанда берілген № 0003100 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті:
1) жекеше нотариус М.А. Максутованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.А. Максутованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 17 шілдедегі 2024 жылғы № 1-1/29074-вн ұсынысы және Мальдив Республикасының Ұлттық тіркеу департаментінің 21 маусымдағы 2024 жылғы № Е0006579 қайтыс болу туралы куәлігі..
Вице-министр Л. Мерсәлімова