Лицензияның күшiн тоқтату туралы

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Серикжан Джанибекович Рахиевтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы 5 тамызда берілген № 0001556 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус С.Д. Рахиевтың мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Д. Рахиевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 11 шілдедегі 2024 жылғы № 02-1/28430-вн ұсынысы және 10 шілдедегі 2024 жылғы қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасы.

 

Вице-министр                                                                                   Л. Мерсәлімова

Дата публикации
25 июля 2024