№ 621 от 22.07.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызда Нурлан Галлямович Шамардановқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000921 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылғы 1 сәуіріне дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.
2. Жамбыл облысының Әділет департаменті Н.Г. Шамардановқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Н.Г. Шамарданов, Жамбыл облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2024 жылдың 10 шілдедегі № 01-1/28255-вн ұсынысы, адвокат Н.Г. Шамардановтың арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова