Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 626 от 24.07.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Раушан Калыбаевна Карабаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы
7 мамырда берілген № 0001416 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.К. Карабаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.К. Карабаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 25 маусымдағы  № 1-1/25279-вн ұсынысы, РМҚК филиалы Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары институты мамандарының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 72 қорытындысы.

 

Вице-министр                                                                         Л. Мерсәлімова

Дата публикации
25 июля 2024