Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 616 от 19.07.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5),7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Муратхан Куреншеевич Смагуловке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы
02 маусымда берілген № 14007816 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Жамбыл облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.К.Смагуловтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.К.Смагуловтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының м.а. Р.С.Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 01-1/24935-вн  ұсынысы

 

Вице-министр                                                                            Л.Мерсәлімова

Дата публикации
23 июля 2024