Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 607 от 19.07.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Динара Муратовна Касимоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2018 жылы 5 шілдеде берілген № 18013292 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.М. Касимованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.М. Касимованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 10 шілдедегі 2024 жылғы №52-1/28173-вн ұсынысы, жекеше нотариус Д.М. Касимованың арызы.

 

Вице-министр                                                                          Л. Мерсәлімова

Дата публикации
22 июля 2024