№ 609 от 19.07.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Рахат Алимовна Туребаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2000 жылғы 24 наурызда берілген № 0000473 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Маңғыстау облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.А.Туребаеваның назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Р.А.Туребаеваның мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.А.Туребаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 05 шілдедегі №01-1/27745-вн ұсынысы, Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының 2024 жылғы 02 сәуірдегі үкімі, Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 12 маусымдағы қаулысы.
Вице-министр Л.Мерсәлімова