№ 608 от 19.07.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Фархат Сержанович Тажиновке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 08 қыркүйекте берілген № 14013140 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Алматы облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ф.С.Тажиновтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Ф.С.Тажиновтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ф.С.Тажиновтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 04 шілдедегі
№-1/27478-вн ұсынысы, Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотының 2024 жылғы 23 сәуірдегі үкімі, Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысы.
Вице-министр Л.Мерсәлімова