Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 603 от 17.07.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Акнур Жанатовна Чельдебаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 27 желтоқсанда берілген № 22026226 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Қызылорда облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Ж. Чельдебаеваның назарына жеткізсін;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Ж. Чельдебаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қызылорда облысының Қызылорда қалалық сотының 30.04.2024 жылғы шешімі, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 04.07.2024 жылғы ұйғарымы, Қызылорда облысы Әділет департаментінің 11.07.2024 жылғы № 1-1/28383-вн ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                         Л. Мерсәлімова

Дата публикации
19 июля 2024