Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 595 от 15.07.2024

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 144-бабының 1 тармағының 2) тармақшасын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Заңның 144-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен Аслан Жанатович Бижановқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2016 жылғы 28 наурыздағы № 2483 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Ақмола облысы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1) жеке сот орындаушысының іс жүргізуін, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын; 

3) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын.

4) жеке сот орындаушысы ретінде  іс жүргізуі, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын. 

3. Ақмола облысы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.

4. Мәжбүрлеп орындату департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құықғына берілген лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату департаментіне жүктелсін (Д. Шермаханбетұлы).

6. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының 2024 жылдың 6 мамырдағы үкімі.

 

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                                                                    Д. Ваисов                                    

Дата публикации
17 июля 2024