Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 583 от 11.07.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Дамиля Байгеновна Турсунханованың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1998 жылғы 25 сәуірде берілген № 0000027 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Жетісу облысының Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус Д.Б. Турсунханованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Б. Турсунханованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Жетісу облысы Әділет департаментінің 3 шілдедегі 2024 жылғы № -60/667-вн ұсынысы және 25 маусымдағы 2024 жылғы қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасы.

 

Вице-министр                                                                                    Б. Молдабеков

Дата публикации
17 июля 2024