Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша 2024 жылғы 2-тоқсандағы есебіне талдамалық анықтама

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 53 мемлекеттік қызмет бекітілген.

Оның ішінде электронды форматта - 34, электронды-қағаз түрінде – 19.

53 мемлекеттік қызметтің 32 түрін әділет органдары,  28 түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ көрсетеді.

Бақылау іс-шараларына қатысты

Министрліктің  мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау нысанына бақылау шараларын өткізу бойынша 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында 2024 жылдың 2-тоқсанында 7 тексеріс жүргізілді  (Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары).         

2023 және 2024 жж. бойынша анықталған бұзушылықтардың саны – 5 (бизнес-процестердің бұзылуы – 1, өзге бұзушылықтар – 4).

Мемлекеттік қызмет алушы тарапынан дәлелін тапқан шағымдар және олар бойынша қабылданған шараларға қатысты  

Бөлімшелердің мәліметтеріне сәйкес, есепті кезенде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына дәлелін тапқан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуларға қатысты 

2024 жылдың 2-тоқсанында (есеп нысанына сәйкес) 2288 жеке және 166 заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, олардың ішінде электрондық түрде жеке тұлғаларға – 2236, заңды тұлғаларға – 1,  қағаз жүзінде жеке тұлғаларға – 52, заңды тұлғаларға – 165 бас тартулар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы қызметалушыларды ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстарына қатысты      

Есепті кезеңде әділет органдары 268 096 адам санын қамтитын 716 түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру  курстарынан өткен тұлғаларға  қатысты

2024 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан әділет органдарының 43 қызметкері өтті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерін бұзу бойынша

2024 жылдың 2-тоқсанында заңды тұлғаларды тіркеу  саласында мерзімді бұзудың 1 фактісі тіркелді (27.02.2024ж. «Опытная-1А» МИБ өтініші бойынша). Аталған факті бойынша Жамбыл облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Ш.К. Туткушева «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін жетілдіру, оның ішінде автоматтандыру, оңтайландыруға қатысты

Министрлікте негізгі қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру бойынша шаралар тұрақты түрде қабылданады.

Ағымдағы жылы Министрлік  сот орындаушысының қатысуынсыз атқарушылық іс жүргізуді автоматты түрде қозғау бойынша «роботты енгізу» жобасын іске қосты.

 Тараз қаласында әкімшілік айыппұлдар бойынша 10 АЕК-ке дейін жеңілдетілген өндіріс бойынша жоба енгізілді, мұндай өндіріс қозғалған кезде борышкерлерге оның Егов Мобайлына, Каспи қосымшасына, сондай-ақ 1414 нөмірінен СМС-ке тиісті хабарлама жіберіледі.

Жақын арада бұл пилоттық жобаны бүкіл республика бойынша тарату жоспарлануда.

А.ж. 16 ақпанында тарату негізінде заңды тұлға қызметін тоқтату бойынша пилоттық жобаны іске қосу бойынша бірлескен бұйрыққа қол қойылды (ӘМ, ЦДИАӨМ, Қаржы министрлігінің келісімі бойынша).

Аталған пилоттық жоба салық тексерулерін жүргізуге бір өтінішті электрондық түрде беруді, кейіннен тіркеушінің қатысуынсыз автомат режимінде коммерциялық ұйымды таратуды 1 жұмыс күн ішінде тіркеуді көздейді.

Сондай-ақ ақпараттық жүйелерді біріктіру арқылы құжаттарды қысқартуды көздейді.

Қазіргі уақытта техникалық іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

А.ж. 4 наурызынан бастап коммерциялық ұйымдарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті (Қоғамдық бірлестіктер, Заңды тұлғалар бірлестігі, МИБ) «электронды үкімет» порталында көрсету қамтамасыз етілді (қазіргі уақытта қорлар, мекемелер, мемлекеттік мекемелер бойынша жұмыстар жүргізілуде).

Мәселен, коммерциялық емес ұйымдардың (діни бірлестіктер, саяси партиялардан басқа) енді мемлекеттік қызметті алуға eGov порталы арқылы өтініш беруге мүмкіндіктері бар.

Коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу кезінде жылжымайтын мүлік иесінің келісімін алу бөлігінде  «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» қызметін оңтайландыру қамтамасыз етілді.

Бұдан бөлек, а.ж. 3 сәуірінен бастап eGov порталында және «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорында заңды тұлға басшысының өзгеруі туралы мәліметтерді енгізу тәртібі пысықталды.

Егер бұрын хабарлама жіберу мүмкіндігі тек заңды тұлға басшысында ғана болса, қазір мұндай мүмкіндік заңды тұлға құрылтайшыларына берілді.    

А.ж. 24 сәуірінде eGov порталында Мүлік иелерінің бірлестігі басшысының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу тәртібі қамтамасыз етілді.

А.ж. маусымында Әділет министрлігі Freedom банкпен бірлесіп Жылжымайтын мүлікті онлайн қайта тіркеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты

Жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне қарамастан құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсыру мүмкіндігі пайда болды

Әділет министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп eGovMobile Business қосымшасында заңды тұлғалар үшін онлайн сенімхаттар жобасын іске асыру бойынша жұмысты жүргізуде. Енді заңды тұлғалардың басшыларына өз қызметкерлеріне сенімхаттарды онлайн түрде беруге мүмкіндіктер туды. Нәтижесінде мұндай сенімхаттар талап етілген жерде көрсету үшін «Цифрлық сенімхаттар» сервисінде қолжетімді болады.

Анықтама
Дата публикации
16 июля 2024