№ 570 от 05.07.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айжан Жантлеуевна Тайжановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2008 жылғы 10 шілдеде берілген № 0001350 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Ж. Тайжанованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Ж. Тайжанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2024 жылғы 18 маусымдағы №-1/24205-вн ұсынысы, 2024 жылғы 26 ақпанындағы Петропавловск қалалық № 2 сотының шешімі.
Вице-министр Л. Мерсәлімова