№ 574 от 05.07.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызында Сауле Жұмабайқызы Сүлейменоваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001700 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылғы 1 шілдесіне дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат С.Ж. Сүлейменованың,
Ақмола облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 28.06.2024 жылғы № -1/26306-вн ұсынысы, адвокат С.Ж. Сүлейменованың арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова