№ 569 от 05.07.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ермек Армиянович Габдуллинге нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылдың
07 сәуірінде берілген № 14004615 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:
1) Шығыс Қазақстан облысының нотариаттық палатасына хабарлау;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.А.Габдуллинның мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру;
3) жекеше нотариус Е.А.Габдуллинның мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №04-1/26278 ұсынысы және 2024 жылғы 19 маусымдағы № 20-872-24-0001394 қайтыс болу туралы акт жазбасы.
Вице-министр Л.Мерсәлімова