№ 578 от 10.07.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Анаркуль Амидуллаевна Шадиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2008 жылғы 29 сәуірде берілген № 0001206 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Қызылорда облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Шадиеваның назарына жеткізсін;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Шадиеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің 02.07.2024 жылғы № 1-1/27014-вн ұсынысы және Қызылорда қалалық сотының 20.06.2024 жылғы ұйғарымы.
Вице-министр Б. Молдабеков