Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 567 от 05.07.2024

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы
2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылғы 24 қаңтарда Дильшат Даракаевич Юсуповке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 20001373 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Алматы облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Д. Юсуповтың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 25 маусымдағы қаулысы, нотариус Д.Д.Юсуповтың 2024 жылғы 27 маусымдағы өтініші.

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсәлімова

Дата публикации
10 июля 2024