№ 556 от 01.07.2024
«Нотариат туралы» Заңның 10-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Роза Сеитнуровна Маликзадинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2007 жылғы
19 қаңтарда берілген № 0000745 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзіміне тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.С. Маликзадинаның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.С. Маликзадинаның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 01-1/21859-вн ұсынысы, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 наурыздағы қаулысы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова