Бұйрықтың күшін жою туралы

№ 551 от 28.06.2024

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы  2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Ерлан Амангельдинович Кененбаевтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылдың 13 тамызында берілген № 12008625 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылдың 30 сәуірдегі № 373 бұйрығының күші жойылсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықтың мазмұнын нотариус Е.А.Кененбаевтың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасына:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына осы бұйрықты жариялау шараларын қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне бұйрықтың жойылғандығы туралы жазба енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

           

Негізі: 2024 жылдың 13 маусымындағы Павлодар облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының ұйғарымы.

 

 

Вице-министр                                                                          Л. Мерсәлімова

Дата публикации
02 июля 2024