№ 542 от 25.06.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Альмукан Биржанович Шуреевке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2021 жылғы 31 мамырда берілген № 21019075 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б.Шуреевтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус А.Б.Шуреевтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Б.Шуреевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 17 маусымдағы ұсынысы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық сотының 2024 жылғы 03 сәуірдегі шешімі, Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 маусымдағы қаулысы.
Вице-министр Л.Мерсәлімова